00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мемлекеттік мүлікті қайта бөлу және қаржы үнемдеуге арналған сервис іске қосылды

25 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Мемлекеттік мүлікті қайта бөлу және қаржы үнемдеуге арналған сервис іске қосылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекеттік мүлікті қайта бөлу және бюджет қаражатын үнемдеу үшін пилоттық режимде Tapsyru сервисі іске қосылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Платформа ұйымдарға баланстан балансқа беру рәсімін және бірлескен шарттар тетігін одан әрі жеңілдете отырып, талап етілмеген мүліктің бірыңғай тізілімін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Topsyru-да 721 қатысушы және 313 мыңнан астам актив тіркелген.

Бұдан басқа, 2025 жылы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінің жеке кабинеттеріне қол жеткізуге қосатын «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» порталын іске қосу жоспарлануда.

«Премьер-министр цифрлық шешімдерді енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар көлеңкелі экономикаға қарсы күресте нақты әсер етуі, салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруы, сондай-ақ бюджет қаражатын ұтымды жоспарлау мен жұмсауды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ведомстволарға барлық жобаны толыққанды әрі сапалы іске қосу бойынша жұмысты жеделдету тапсырылды.