Болашақтың ғылыми қалашығы: Үкіметте Техноқала құру талқыланды

Бүгін, 12:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Болашақтың ғылыми қалашығы: Үкіметте Техноқала құру талқыланды
Фото: Үкімет

Үкіметте вице-премьер-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Қазақстандағы тұңғыш ғылыми қалашық – Техноқала тұжырымдамасы талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының наурызда Ұлттық құрылтайда Үкіметке берген тапсырмасы бойынша жүргізілуде.

Жобаны жұмыс тобының жетекшісі, профессор, э.ғ. к. Жақсыбек Құлекеев таныстырды.

Техноқала – озық технология, ғылым, университеттер мен бизнес шоғырланатын ерекше мәртебесі бар болашақ қала. Негізгі мақсаты – басты назар қолданбалы әсер мен коммерциялық қайтарымына аударылатын, қысқа мерзімде өндірістегі ғылымды қажет ететін әзірлемелерді жасап, енгізу.  Бұл ретте жаңа энергетика мен энергия үнемдеуге, биотехнология мен азық-түлік қауіпсіздігіне, жаңа ақпараттық технологиялар және AI-ді дамытуға мән беріледі.