Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа төраға сайланды
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info, бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жандос Дуйсембиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын және Алматы университетін бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің маманы, салық инспекторы болып бастаған. 2006-2009 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің басшысы.
ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Жандос Жумабаевич Дуйсембиев ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды,- делінген ақпаратта.
Ол 2009-2010 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының басшысы.
2010-2012 жылдары – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары.
2012-2014 жылдары – Алматы қаласы салық департаменті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы; салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы; Алматы қаласы Салық департаменті салық аудиті басқармасының №5 аудит бөлімінің басшысы; 2014-2015 жылдары – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары – Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы. 2016-2017 жылдары – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары. 2017-2019 жылдары – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы. 2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры.
Ол осы қызметке дейін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы» РММ басшысы лауазымын атқарған. Комитеттің бұған дейін төрағасы болған Данияр Жаналинов берген өтінішіне сәйкес лауазымынан босатылды, - делінген дереккөз таратқан мәліметте.