Олжас Бектенов Ұлытау облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
9 қазан, 2024


Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Ұлытау облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына облыс әкімі лауазымына Дастан Рыспеков пен Ұлантай Үсеновтің кандидатураларын ұсынды.
Ашық дауыс беру нәтижелеріне сәйкес 64 депутаттың 49-ы Дастан Рыспековтің кандидатурасын қолдады, 15 депутат өз дауыстарын Ұлантай Үсеновке берді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Дастан Адайұлы Рыспековті Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Ұқсас жаңалықтар

30 сәуір, 2025
Эльдар Бақпаев Абай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

28 сәуір, 2025
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

25 сәуір, 2025
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарлары тағайындалды

23 сәуір, 2025
Қазақстан триатлон федерациясының жаңа президенті сайланды