Адам өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды

Фото: freepik.com
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан азаматы ұсталды. Ол еліміздің Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
«Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған.
Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін қылмысты жүзеге асырушылар да қамауға алынған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

18 қазан, 2025
Алматыда автобус қарт кісіні қағып кетті

17 қазан, 2025
Қарағанды тұрғындары туристік агенттікке алданып қалды: күдікті қамауға алынды

17 қазан, 2025
Құлсарылық педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды

17 қазан, 2025
Дәрігерлер 19 жастағы футболшының қазасына қатысты ресми мәлімдеме жасады