Республика күніне орай кейбір астаналықтарға бір реттік төлем беріледі

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада 25 қазан – Республика күніне орай әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға бір реттік ақшалай көмек төленеді.
Төлем мөлшері 4,5 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 17 694 теңге.
Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, бұл көмек жылына бір рет және тек бір негіз бойынша – ең жоғары сомаға сәйкес төленеді.
Қолдау шарасы тек әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын тұрғындарға арналған.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:15
Астанада №104 LRT станциясына үшінші құрам қойылды

Бүгін, 16:15
Астанада тұрақ ақысы тұрған минуты бойынша алынатын болады

Бүгін, 15:05
«Кітап оқитын ұлт»: МҚІА мен «AMANAT» партиясы меморандумға қол қойды

Бүгін, 14:01
Күзгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр: десант, арнайы бөлімшелерге кімдер аттанады