Астанада №104 LRT станциясына үшінші құрам қойылды

Бүгін, 17:15
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views47
Астанада №104 LRT станциясына үшінші құрам қойылды
Фото: City Transportation Systems ЖШС

Бұл туралы City Transpirtation Systems ЖШС-інің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz

Бүгін Қабанбай батыр даңғылы бойында «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы №104 пен №105 станциялары арасындағы жол аймағында LRT жүйесінің үшінші пойызы эстакадалық жолға көтерілді. Құрам төрт вагоннан тұрады.

Құрамды көтеру жұмысы LRT жүйесінің сынақ учаскесін кеңейту аясында жүргізілуде.

«18 қазанда сағат 11.00-13.00 аралығында Ш.Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта LRT төртінші құрамы қойылады», - делінген хабарламада.