Елордада екі жол учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

8 қазан, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада екі жол учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 7 қазаннан бастап Tarlan Astana екінші кезегінің құрылысына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz CTS компаниясына сілтеме жасап.

Шектеу мына көшелерге енгізілді:

- Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі учаскесінде;

- Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілді.

«Жол қозғалысына қатысушылардан өзгерістерді ескеріп, жол белгілерінің талаптарын сақтауды және қалыптасқан жол жағдайын ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлауы қажет», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада алдағы демалыс күндері екі облыстың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.