Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жазба қалдырды

Фото: facebook.com/janibekalimkhanulyteam
IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жаңа жазба қалдырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Мен сіздерге орта салмақтың патшасы екенімді айттым ғой!» - деп жазды Ж.Әлімханұлы өзінің әлеуметтік парақшасында.
Бұған дейін «Қазақ стилі» WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын алған доминикандық Карлос Адамеспен біріктіру жекпе-жегіне келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар Әлімханұлы өзінің әлеуетті қарсыласын қорқақ деп айыптады өйткені ол әлі келісімге қол қоймаған. Адамес әзірге жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

18 тамыз, 2025
Қостанайлық әскери қызметшілер марафонда жүлдегер атанды

18 тамыз, 2025
Конституцияның 30 жылдығына орай елордада спартакиада өтті

18 тамыз, 2025
Азия чемпионаты: Қазақстан слаломды есуден екі медаль жеңіп алды

18 тамыз, 2025
Қазақстан бадминтоннан Ганадағы турнирде қола жүлдеге қол жеткізді