Зейнеп Сұлтанбек шахматтан абсолютті чемпион атанды
9 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Шри-Ланканың Коломбо қаласында шахматтан өткен Батыс Азия чемпионатында Қазақстан шахматшысы Зейнеп Сұлтанбек қыздар арасында абсолютті чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан шахмат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының тумасы Зейнеп Сұлтанбек жылдам шахмат чемпионатында қарсыластарынан басымдылығын көрсетіп, кейін классикалық турнирде жеңіске жетті, ал финалда блицте үздік атанды. Солайша үш алтын медальді қаңжығасына байлады.
Ұлдар арасындағы сайыста ел намысын астаналық шахматшы Алишер Мажкенов қорғады. Классикалық турнирде А.Мажкенов соңғы раундта жеңіске дәлдеді, бірақ, үш жеңімпазға бір ұпай ғана есе жіберіп, жетінші орынға жайғасты, ал блиц бойынша төртінші орынға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады