00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қырғыз көкпаршылары Қазақстан құрамасына реванш өткізуді ұсынды

Қырғыз көкпаршылары Қазақстан құрамасына реванш өткізуді ұсынды
фото: t.me/worldnomadgames2024

Қырғызстанның көк бөрі федерациясы қазақстандық спортшыларға 1 қарашада Ыстықкөл жағасында реванш өткізуді ұсынды. Бұл туралы федерация басшысы Рамис Жүнісалиев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz 24.kg-ға сілтеме жасап.

«Біз даулы мәселелерді шешу үшін қазақстандық тарапқа реванш ұсынғымыз келеді. Бұл ойынға көрші елдің спортшыларына Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында болған құраммен келуді ұсынамыз»,- деді ол.

Федерация басшысының айтуынша, бұл ұсыныс Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ әділ ойынды қамтамасыз етуге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпардан финалдық бәсекеде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Бірінші кезеңнің аяқталуына 7 минут уақыт қалғанда Қазақстан құрамасының мүшесі Ұлан Байтөреев пен қырғыз көкпаршысы Қуанышбек Сұлтанұлы арасында жанжал туындап, арты спортшылардың қақтығысына ұласты.