Туризм және спорт министрі Сергей Цырульниковты құттықтады

Фото: Туризм жəне спорт министрлігінен
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алып күш иесі, халық арасында саламатты өмір салтын насихаттауға белсенді үлес қосып жүрген Сергей Цырульниковты 40 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қара күш иесі Сергей Цырульников әлемнің және Қазақстанның бірнеше дүркін рекордшысы.
Сондай-ақ ол «100 ауыл» әлеуметтік жобасы аясында ауыл жастарының тәрбиесімен айналысып, мастер-класстар, ашық жаттығулар және мотивациялық кездесулер өткізіп келеді.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

17 қыркүйек, 2025
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды

17 қыркүйек, 2025
Шорт-тректен олимпиадалық маусымға арналған Қазақстан құрамасы жарияланды

16 қыркүйек, 2025
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында өнер көрсетеді