00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ТМД ойындары: Қазақстанға пайдасы бар ма?

16 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ТМД ойындары: Қазақстанға пайдасы бар ма?

4-14 тамыз күндері аралығында Беларусь елінде өткен II ТМД ойындары өз мәресіне жетті. Бұл бәсеке бойынша қоғамда «бұл қандай турнир?», «пайдасы жоқ жарыс», «Ресей мен Беларусь Олимпиадаға қатыса алмаған соң, өткізіп жатыр», «Қазақстан алтын аз алды» және т.б. сұрақтар туындады. Осы орайда Elorda.info тілшісі ТМД ойындары бойынша біршама сауалдарға жауап іздеп көрді.

 

ТМД ОЙЫНДАРЫ ИДЕЯСЫ ҚАШАН ПАЙДА БОЛҒАН?

2018 жылы Ресей Федерациясы ТМД мемлекеттері арасындағы спорттық байланысты нығайту, жас спортшыларға қосымша жарыс алаңы, салауатты өмір салтын ұстану т.б. идеялар төңірегінде ТМД ойындарын екі жылда бір рет өткізуді ұсынды. Өзге мемлекеттер бұл идеяны қолдады. ТМД мемлекеттері құрамына Ресей, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан кірді.

АЛҒАШҚЫ ТМД ОЙЫНДАРЫН КІМ ҚАБЫЛДАДЫ?

Идея авторы ретінде I ТМД ойындарын Ресей 2020 жылы Қазан қаласында өткізуге шешім шығарды. Бірақ пандемия салдарынан 2021 жылға шегерілді. Жарыс талабында 14-23 жасқа дейінгі кез келген спортшылар қатысуға рұқсат берілді. Бұл шешім Токио Олимпиадасына қатысатындарға бөгет болмау үшін және жасөспірімдер арасында халықаралық жарыстардың аз ұйымдастырылатындықтан қабылданды.

2021 жылы ең көп жүлде алған ТОП-5 мемлекет:

1-орын. Ресей (337 қатысушы) – 111 алтын, 42 күміс, 59 қола.  

2-орын. Өзбекстан (222 қатысушы) – 23 алтын, 32 күміс, 35 қола.

3-орын. Қазақстан (196 қатысушы)  – 18 алтын, 36 күміс, 53 қола.

4-орын. Әзірбайжан (183 қатысушы) – 16 алтын, 16 күміс, 28 қола.

5-орын. Беларусь (226 қатысушы) – 9 алтын, 31 күміс, 29 қола.

II ТМД ОЙЫНДАРЫ НЕГЕ БЕЛАРУСЬТЕ ӨТТІ?

II ТМД ойындарын өткізу туралы құжатқа назар аударсаңыз, бұл дода екі жылда бір рет осы тізімге енетін елдерде ұйымдастырылады. Ал өткізу тәртібі орыс әліпбиінің реттілігі бойынша өтеді. Яғни, ойынды 2023 жылы Әзірбайжан немесе Армения мемлекетінің бірі қабылдауы қажет еді. Алайда сол жылдары аталмыш қос ел арасындағы жанжал кесірінен Беларусь мемлекеті жарысты өз жерінде өткізуге шешім қабылдады. Ал 2025 жылы III ТМД ойындарының жүлделері Әзірбайжанда сарапқа салынады. 2026 жылы Алматы қаласында өту жоспарланған.

Беларусь мемлекетіндегі II ТМД ойындары алғашқысынан бірнеше қателіктерден сабақ алуға тырысты.

  • Жаз айында өтті. ТМД ойындары 14-23 жас аралығындағы жас спортшыларға басымдық береді. Яғни, көпшілігі оқушы мен студент деген сөз. 2021 жылы бірінші ТМД ойындары Токио Олимпиадасы кесірінен қыркүйекте өткізуге мәжбүр болды. 
  • Жарыс 11 қалада ұйымдастырылды. Алғашқы ТМД ойындары Ресейдің тек Қазан қаласында ғана өтті. Алаң иелерінің сөзінше, 11 қалада өткізу бір қалаға салмақ салмайды әрі спортшылар Беларусь тарихымен кеңірек танысуға мүмкіндік алады. Спорттық инфрақұрылымдар да бір қалаға шоғырландырылмайды.
  • ТМД елдерінен бөлек мемлекеттер қатысты. Бірінші ТМД ойындарында 9 елдің 1 139 спортшысы 182 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Ал Беларусь мемлекетінде 22 елден мың жарымнан астам спортшы бақ сынады. Атап айтсақ: Бахрейн, Венесуэла, Вьетнам, Египет, Иран, Куба, Кувейт, Ливан, Малайзия, Моңғолия, БАӘ, Оман, Пәкістан.
  • Спорт түрі көбейді. 2021 жылы қатысушылар 16 спорт түрінен 182 жүлде жиынтығын сарапқа салса, 2023 жылы Олимпиадаға кіретін 20 спорт түрінен 246 жүлде жиынтығына көбейді.

2023 жылы ең көп жүлде алған ТОП-5 мемлекет:

1-орын. Ресей (402 қатысушы) – 149 алтын, 89 күміс, 50 қола.

2-орын. Беларусь (514 қатысушы) – 48 алтын, 78 күміс, 110 қола.

3-орын. Өзбекстан (324 қатысушы) – 28 алтын, 25 күміс, 53 қола.

4-орын. Әзірбайжан (173 қатысушы) – 10 алтын, 17 күміс, 35 қола.

5-орын. Қазақстан (150 қатысушы) – 7 алтын, 14 күміс, 32 қола.

ТМД-ға кірмейтін мемлекеттер ішінен Вьетнам (12 қатысушы) 5 күміс, 2 қоламен ең жоғары көрсеткішке қол жеткізсе, Ливан, БАӘ, Пәкістан, Бахрейн, Малайзия, Кувейт, Оман, Венесуэла елдеріне жүлде бұйырмады.

ҚАЗАҚСТАН НЕШЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫ?

Биылғы ТМД ойындарында Қазақстан алтын саны бойынша төменгі нәтиже көрсетті. 2021 жыл – 18 алтын, 2023 жыл – 7 алтын. Неге? 

Біріншіден, Биылғы бәсекеде белбеу күресі болмады. 2021 жылы бұл спорттан 2 алтын алдық.

Екіншіден, бокс, стендтік атудан Қазақстан құрамасы белгісіз себептермен жарысқа бармады. 2021 жылы қос спорттан 9 алтын еншілеппіз.

Үшіншіден, спорттың саны артқанымен, Қазақстан құрамасынан 2021 жылмен салыстырғанда 46 спортшы кем барды.

2021 жылы Қазақстан қай спорт түрінен алтын алды?

Каратэ. 60 келі. Еркінбек Байтуреев.

Каратэ. 75 келі. Нұрқанат Әжіқанов

Каратэ. 84 келі. Спандияр Еркебек.

Каратэ. 84 келі. Бейбарыс Жаңбыр.

Каратэ. 61 келі. Әсел Қанай.

Каратэ. Ката. Лия Қошқарбаева.

Стендік ату. 2 алтын (Т-375 трап және аралас). Валерия Фокина

Стендік ату. Аралас. Әлішер Айсалбаев.

Стендік ату. С-125 скит. Адель Садақбаева.

Стендік ату. Т-375 трап. Анастасия Прилепина.

Стендік ату. Т-375 трап. Марина Александрова.

Бокс. 66 келі. Мырзахан Мауленов.

Бокс. 48 келі. Анита Адишева.

Бокс. 54 келі. Виктория Байдукова

Бокс. 60 келі. Ұлжан Сәрсенбек.

Оқ ату. Пневматикалық тапанша. Ирина Локтионова.

Оқ ату. Кіші калибрлі винтовка. Арина Алтухова

Тай боксы. 54 келі. Шәміл Ермағамбетов

Белбеу күресі. 62 келі. Нұрсұлтан Нұрсейітов.

Белбеу күресі. 48 келі. Балымай Төлеген.

2023 жылы кімдер алтын алды?

Биыл 14 спорт түрінен сынға түскен (еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, баскетбол, дзюдо, жағажай волейболы, жеңіл атлетика, жүзу, каратэ, WKF, көгалдағы хоккей, көркем гимнастика, қазіргі бессайыс, нысана көздеу, самбо) отандастарымыз алғаш рет жүзу және самбода чемпиондық атаққа қол жеткізді.

5367ffb4-0ba9-4fe0-9b6e-db7186ffc452.jpg

Каратэ. Ката. Лия Қошқарбаева.

Каратэ. 61 келі. Николь Ценгель.

Каратэ. 68 келі. Лаура Әліқұл

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу. Максим Сказобцов

100 метрге арқамен жүзу. Егор Попов.

Самбо. 58 келі. Жасұлан Нариманов.

Самбо. 71 келі. Арнұр Қуатай.

ТМД ойындарының өту деңгейіне көңілім толады. Лайықты қарсыластар бар. Өкінішке қарай, қаржылық қиындықтарға байланысты биыл 5 қана каратэші ТМД ойындарына қатыстық. Соның өзінде 3 алтын алып, каратэден жалпы есепте 3-орынға тұрақтадық. 

2021 жылы ТМД ойындарында ең көп 8 алтынды каратэден алып едік. Ол кезде қателеспесем, ұлттық құрамамыз толыққанды қатысқан еді, — деп ТМД ойындарының 2 дүркін чемпионы Лия Қошқарбаева (каратэ) өз ойымен бөлісті. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ