Теннистен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 11:33
Айман Нығмет Айман Нығмет
Теннистен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
фото: Olympic.kz

Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы финалда қарағандылық Әмір Омарханов пен Теміртау теннис мектебінің тәрбиеленушісі Григорий Ломакин кездесіп, алтын жүлде үшін бақ сынады.

Алайда бұл матч көпшілік күткендей тартысты болмады. Бірінші сет 6:1 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді, ал екінші кезеңде Ломакин жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Қола жүлдені Ислам Орынбасар иеленді.

Әйелдер арасындағы шешуші кездесуде Жібек Құламбаева мен Аружан Сағандықова кортқа шықты. Құламбаева 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды. Үшінші орынды Іңкәр Дүйсебай жеңіп алды.