00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

21 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғары көтерілді
Фото: ktf.kz

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлады Elorda.info.

Таиландтағы турнирде табысты өнер көрсеткен Әмір Омарханов жекелей сында бірден 42 сатыға жоғары көтеріліп, 57-орынға жайғасты.

Сондай-ақ Даниал Рахматуллаев 114-ке (+2), Виталий Зацепин 154-ке (+16) шықты. Ерасыл Ерділдә – 234, Ілияс Маратұлы – 244, Заңғар Нұрланұлы 331-сатыда тұр.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанова көрсеткішін едәуір жақсартып, 85-тен 66-ға жоғарылады. Айя Нұпбай – 204, Полина Слепцова 230-орында келеді.