00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үстел теннисі: Астанада Азия чемпионаты қалай өтті

Үстел теннисі: Астанада  Азия чемпионаты қалай өтті
ҚР Үстел теннисі федерациясы

Үстел теннисінен 6-12 қазан күндері аралығында Астана қаласында өткен  27-ші Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Елорда төрінде ұйымдастырылған айтулы додаға елімізден 10 спортшы қатысып, ерлер құрамасы өз тарихындағы ең жоғарғы 7-орыннан көріне білді. Ал жарыстың шешуші күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, әлемдік үздік теннисшілердің ойындарын тамашалады.

 

«Бұған дейінгі Азия чемпионаттарында ерлер құрамасы тек 8-орынмен аяқтайтын еді. Осы жолы сол көрсеткішті бір сатыға жоғарлаттық. Әйтсе де, ширек финалда Үндістанды жеңгенде, қола жүлде де алып кетуші едік. Бұйырмады. Жеребе қорытындысы бойынша, әуелі топтық кезеңде Солтүстік Корея түскенде қауіптендік. Себебі, бұл  ел тек жазғы Азия ойындары, Париж Олимпиадасы сынды ірі додаларда ғана бой көрсетеді. Ойындарын көп көрмегендіктен, қандай тактика ұстау да қиын. Сирек қатысса да, олардың осы Азия чемпионатында алтынмен қайтқанына куә болдыңыздар. Матч өте қиын өтті. Ал Сауд Арабиясымен өткен кездесуде алдын ала жеңетінімізге сеніп қойғандықтан, өте қиынға соқты. Бұл мемлекетпен Азия чемпионаты алдында да оқу-жаттығу жиынын бірге өткізген едік. Енді алдағы уақытта түрлі жарыстарға қатысып, рейтингті жоғарлатуға тырысамыз. Өйткені Азия чемпионатында рейтингтің жоғары болғаны да маңызды», - деді ұлттық құраманың мүшесі Алан Құрманғалиев.


Жалпы жүлде кестесі:

Жапония - 3 алтын, 2 күміс, 3 қола

Қытай - 2 алтын, 1 күміс, 1 қола

Солтүстік Корея - 1 алтын, 1 күміс, 1 қола

Оңтүстік Корея - 1 алтын, 3 қола

Сингапур - 1 күміс

Тайпей - 1 күміс

Үндістан - 3 қола

Гонконг - 2 қола

Малайзия - 1 қола

Қандай жайттар тіркелді?

⁃ Жалпы есепте Жапония мемлекеті үшінші рет жалпы есепте топ жарды. Бұған дейін олар 1974 және 2021 жылы (Қытай пандемияға байланысты қатыспаған) бірінші орын алған.

⁃ Әйелдер бәсекесінде жеке сайыстан Солтүстік Корея алғаш рет алтын медаль жеңіп алды. Жалпы Солтүстік Корея тек 2005 жылдан алтын жүлде ала алмай келе жатқан еді.

⁃ Малайзия елі Азия чемпионатында бірінші рет өз тарихында қола жүлде иеленді. 1972 жылдан бергі Азия чемпионатында тек 10 мемлекет қана жүлде еншілеген.

⁃ Ерлер бәсекесінен жеке сайыстан Жапония араға 50 жыл уақыт салып, Азия чемпионатында топ жарды. Чемпион - Томоказу Харимото.

⁃ Әйелдер бәсекесінен жұптық сайыста Жапония өз тарихында алғаш рет алтын алды.

⁃ Ерлер бәсекесінен жұптық сайыста Оңтүстік Корея 32 жылдан кейін ең биік тұғырдан көрінді.