00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Спортшы Илья Ильин қазақша сөйлеп үйреніп жүр

22 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Спортшы Илья Ильин қазақша сөйлеп үйреніп жүр
Фото: дереккөз

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин өзінің Instagram парақшасында жұбайымен бірге қазақ тілін үйреніп жүргенін жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Спортшы оқырмандарына  сабақтан алған әсерімен бөлісіп, жазба жариялады

Сәлем достар, барлығыңызға жақсы күн тілейміз. Бізде өте жақсы көңіл-күй. Қазақ тілі сабағын өттік. Отбасымызға қазақ тілін үйретіп жатқан Қарлығаш Жүнісқызына алғыс білдіремін, - деді Илья Ильин.

Ауыр атлеттің әйелі Татьяна да сабақ барысында қызықты әрі өзекті тақырыптарды талқылайтынын атап өтті. Мәселен, өткен сабақта ерлі-зайыптылар мұғаліммен бірге сұлулық индустриясын талқылаған.

Илья Ильин бейне жазбасын барынша қазақ тілінде жеткізуге тырысқан. Тіпті, бейнероликтің соңында  мемлекеттік тілде  өзінің алдағы жоспарлары туралы да  айтып берген.

Дариға ҚҰРМАНӘЛІ