Президент кубогы: Қазақстандық жұп чемпиондық атақ үшін таласады

Фото: ktf.kz
Қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко жұптық сында Астанада Президент кубогы үшін өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық жұп жартылай финалда өзбекстандықтар Нигина Алимова – Сабрина Олимжановамен шеберлік байқасты.
Бірінші партияны өзбекстандықтар өз есебіне жазды – 7:5. Екіншісінде Аружан мен Екатерина қарымта қайырды – 7:5. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:5.
Айта кетейік, қазақстандық дуэт финалда ресейлік Екатерина Хайрутдинова – белоруссиялық Анна Кубаревамен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:52
Елімізге нағыз футбол мерекесі келді – Рафаэль Уразбахтин

Бүгін, 10:43
Қазақстан батуттағы гимнастикадан қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 08:53
Алматыда «Реал» футболшыларын мыңдаған қазақстандық жанкүйер күтіп алды (ВИДЕО)

25 қыркүйек, 2025
Қазақстандық спортшылар Халықаралық Олимпиада комитетінің стипендиясына ие болды