Полицей қыз әлем чемпионатында жеңіске жетті
17 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Фото: polisia.kz
14-17 шілде күндері Астана қаласында ересектер арасында белбеу күрестен әлем чемпионаты өтті. Сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әлемдік додада Қазақстанның намысын қызылордалық полицей қыз қорғады. Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы Арайлым Оразбай 76 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады..
Ол 5 елдің спортшысымен күресіп, нәтижесінде финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласын аса басымдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады