Паражүзушілер Сингапурда үш медаль жеңіп алды
23 мамыр, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: дереккөз
Сингапурда паражүзуден әлемдік серия кезеңі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық паражүзушілер бір алтын және екі қола медаль ұтып алды, деп хабарлады Elorda.info.
Зульфия Ғабидуллина кешенді жүзуде 150 м қашықты 3:43.87 уақытымен өтіп, алтын медаль иеленді. Ал 50 м баттерфляйда және шалқалап жүзуде отандасымыз Сиязбек Далиев екі қола медальді еншіледі.
Аталған жарысқа еліміздің атынан тағы екі спортшы Диас Кенжебек пен Нұрдәулет Жұмағали қатысты.
Айта кетсек, бұл Париж-2024 Паралимпиада ойындарына қатысу үшін іріктеу жарысы болып табылады. Бұл сайысқа әлемнің 22 елінен 126 спортшы қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді