00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Паралимпиада: Бүгін қазақстандықтар үш спорт түрінен сайысқа түседі

6 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Паралимпиада: Бүгін қазақстандықтар үш спорт түрінен сайысқа түседі
Фото: Elordainfo.kz

Бүгін Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар үш сайыс түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Паражүзуден 12:45-те Сиязбек Дәлиев, 14:11-де Зульфия Габидуллина ел намысын қорғайды.

Ал 13:00-де парадзюдодан Ерғали Шәмей Арминдо Родригес (Франция) пен Юджи Като (Жапония) жұбының жеңімпазымен кездессе, Даяна Федосова мен бразилиялық Да Силва Тейшейра Араухо, Аяла Мереке жапониялық Казуса Огавамен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ параканоэ 13:10-де Бейбарыс Сыпатай, 13:30-де Жаңыл Балтабекова сайысқа түседі.

Айта кетсек, Паралимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар.