Парадзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионы атанды

Фото: instagram.com/kaz_para_judo
IBSA Judo World Championships Astana бәсекесінің командалық жарысы ресми түрде аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың шешуші күнінде Қазақстанның ерлер құрамасы өте тартысты финалдық айқаста Бразилияны ұтып кетті.
Негізгі белдесулерде командалар алма-кезек жеңіспен алмасты. Ал соңғы кездесуде Жұрқамырза Шүкірбеков Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері Марсело Касановадан вазари әдісімен басым түсті.
Қазақстан-Бразилия – 4:3
J2 санаты. 70 келі. Улданов – Зурабиан – иппон
J1. 81 келі. Шамей – Перейра Арруда – 0:1
J2. +81 келі. Шүкірбеков – Касанова – ескерту санымен жеңді
J1. 70 келі. Нұрдәулетов – Де Соуза – иппон
J2. 81 келі. Құлмырза – Роса – иппон
J1. 81 келі. Оңалбек – Де Араухо – 0:10
J2. +81 келі. Шүкірбеков – Касанова – 10:0
Ұқсас жаңалықтар

16 тамыз, 2025
Қазақ күресінен әскерилер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік шықты

15 тамыз, 2025
CISM әлем чемпионаты: ұлттық құрама 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль иеленді

15 тамыз, 2025
Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

15 тамыз, 2025
Қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты: бүгін боз кілемге кімдер шығады