Ұлттық ұлан жауынгері самбодан әлем чемпионы атанды
25 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
23-24 қыркүйек күндері Сербияның Нови Сад қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем кубогы өтті, деп хабарлады Elorda.info Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл – 2023 жылы Халықаралық күнтізбедегі екінші әлем кубогы. Бірінші кезең тамыз айында Қырғыз Республикасында болды. Осы додада Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Қойшыбаев сабодан чемпион атанды. Ол 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Жарыстарға Армения, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Израиль, Испания, Италия, Нидерланды, Солтүстік Македония, Сербия, Хорватия, Швейцария және елдің т.б. командалары қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:51
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы жарыста күміс медаль жеңіп алды
Бүгін, 09:49
АҚШ ашық чемпионатында жүлделі орын алған паражүзушілеріміз елордаға оралды
Бүгін, 09:06
Министр әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен боксшыларды марапаттады
13 қараша, 2024
Қажымұқан жолы: Астананың студенттері күш сынасты