«Ливерпуль» клубының шабуылшысы жол апатынан қайтыс болды

Фото: Getty Images
Португалия құрамасының және ағылшынның «Ливерпуль» клубының шабуылшысы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Marca басылымы мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қайғылы оқиға Испанияның батысындағы Самора провинциясында болған. Футболшы 28 жаста еді.
Басылымның мәліметінше, оның інісі Андре де оқиға орнында көз жұмған.
Диогу Жота Португалия құрамасы сапында екі мәрте Ұлттар лигасының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар «Ливерпульмен» бірге Англия Премьер-лигасында чемпион болған.
Ресми органдар оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Диогу Жота сүйіктісі Руте Кардозомен 22 маусымда заңды түрде отбасын құрған болатын. Ойыншының артында үш баласы қалды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:12
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

2 қазан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды

2 қазан, 2025
«Тарихи реванш»: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Үндістанда кездеседі

2 қазан, 2025
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді