Көркем гимнасшылар Азия біріншілігінде топ жарды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Olympic.kz
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Олимпиада жолдамасынан бөлек, тағы үш медаль қоржынға түсті, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға қол жеткізді.
Еске сала кетейік, кешегі жарыс күнінде Эльжана Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен болатын.
Бүгін жекелеген жаттығулар бойынша финалдық бәсекелер өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:11
Әскери қызметші унифайттан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Бүгін, 08:55
Анастасия Городко Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды
15 қаңтар, 2025
Қазақстандық теннисшілер Australian Open-2025 турнирін сәтсіз аяқтады
15 қаңтар, 2025
Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті