Қазақстан құрамасы парахоккейден әлем чемпионатына қатысты
23 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Норвегияның Шиен қаласында парахоккейден әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.
А тобына кіру үшін алты елдің ұлттық құрамалары кездесті: Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Норвегия, Франция және Швеция.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4-орынға ие болып, В тобында өз орнын сақтап қалды.
Жарыс ережесі бойынша алғашқы екі орынды иеленген екі команда А тобына өтсе, соңғы орын алған команда С тобына ауыстырылады. Біздің команда Швеция командасына 1:3, Германияға 1:12 және Норвегияға 0:7 есебімен жеңілсе, Ұлыбритания командасын 8:3 және Францияны 7:0 есебімен жеңді, - деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Қайрат Сабиров.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады