00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Грек-рим күресі бапкері Геннадий Сапунов өмірден өтті

31 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Грек-рим күресі бапкері Геннадий Сапунов өмірден өтті
Фото: kazwrestling_official

Күрестен КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Сапунов 85 жасында өмірден озды, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан күрес федерациясының ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы, КСРО спорт шебері, КСРО -ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Геннадий Сапуновтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды. Геннадий Андреевич спорт тарихында өшпес із қалдырды. Ол көптеген әлем чемпионын дайындады, олардың қатарында біздің даңқты палуандарымыз да бар. Ол өзінің саналы ғұмырында елуден аса әлем чемпионы мен 20 Олимпиада чемпионын шығарды. Оның қазасы бүкіл күрес әлемі үшін орны толмас қайғы", - деп жазылған Қазақстан күрес федерациясының ресми парақшасында.

Геннадий Сапунов 1938 жылы Бурятнияның Муй ауданында дүниеге келген. Өмірінің соңғы жылдарында даңқты бапкер Мәскеуде тұрды.