00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Gracenote болжамы: Қазақстан Париж Олимпиадасында неше медаль алады?

14 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Gracenote болжамы: Қазақстан Париж Олимпиадасында неше медаль алады?
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан

Қаңтар айының соңында жарияланған рейтингте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 6 қоламен жалпы командалық есепте 30-орын алады деп көрсетілген. 

Статистикалық агенттік ақпараты бойынша бұған дейінгі қазан айындағы болжамда спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 8 қола медаль еншілейді деген еді.

1.jpg

a02746e1-4be8-4478-a65a-39b2438f1ce8.jpg

Агенттік болжам жасауда спортшылардың ірі халықаралық турнирлердегі көрсеткіштері мен жетістіктерін назарға алады.

26 шілде – 11 тамыз күндері аралығында өтетін Париж Олимпиадасында 32 спорт түрінен 329 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. 

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Қазақстаннан 19 спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ