Футзалдан Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды

3 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Футзалдан Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды
Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық футзал құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Албания және Арменияға қарсы өтетін соңғы матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Команданың оқу-жаттығу жиыны Астанада басталады. Тізімге 16 ойыншы енді. Айта кетейік, жарақатына байланысты құрамға Лео Игита мен Дуглас Жуниор шақырылған жоқ.

Қақпашылар: Рауан Атантаев («Семей»), Нарун Серіков («Қайрат»), Рауан Сисенғалиев («Аят»);

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Арнольд Кнауб, Жахангір Рашит, Дамир Қайырбай (бәрі – «Қайрат»), Шыңғыс Есенаманов, Ақжол Дәрібай, Ержан Карменов (бәрі – «Семей»), Лео Мендонка (РФШ, Латвия), Азат Валиуллин («Аят»), Асхат Көлбаев («Ақтөбе»), Нұрсұлтан Пиялы («Ордабасы»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).

Еске сала кетейік, 7 наурызда Қазақстан футзал құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңі аясында Албанияны қабылдайды. Ойын Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады. 

12 наурызда құрама соңғы ойынын Арменияға қарсы Ереванда өткізеді. Басталуы – Астана уақытымен 20:00.

Айта кетейік, төрт турдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен турнир кестесінде 2-орында тұр.