Елордада таэквондодан финалдық гран-при өтеді

Фото: olympic.kz
2026 жылы таеквондодан Гран-придің финалдық кезеңі Астанада өтеді. Бұл шешім Әлемдік кеңестің Фуджейра (БАӘ) қаласында өткен отырысында қабылданды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық делегация әзірлеген жоба халықаралық ұйым тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
Еске салайық, бұл турнирді өткізу құқығы үшін 18 ел бақ сынаған болатын.
Келер жылы Қазақстан астанасында әлемнің ең мықты таеквондошылары жиналады.
Гран-при барысында 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:12
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

2 қазан, 2025
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залы мүшесіне үміткер атанды

2 қазан, 2025
«Тарихи реванш»: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Үндістанда кездеседі

2 қазан, 2025
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді