Елімізде аты аңызға айналған боксшылардың атында неше көше бар?
1947 жылы 5 шілде күні бокстан Мәскеуде өткен XIII КСРО чемпионатында алғаш рет қазақ боксшысы топ жарды, деп хабарлады Elorda info.
Бұл турнирде қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлының шәкірті алғаш рет жүлде алды. Ең жеңіл салмақ дәрежесі 51 келіде сынға түскен Махмұт Омаров қола жүлдегер атанды. Бұл қазақ боксының алғашқы медалі саналады.
Одан бөлек, Махмұт Омаров 1950 жылы Орталық Азия республикаларының Спартакиадасында топ жарды. 1950 жылы «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының турнирінде алтын, 1955 жылы күміс жүлдесін иеленді. Нәтижесінде 1956 жылы «спорт шебері» атағын алды.
Оның інісі Мақсұт Омаров 1954 жылы Орталық Азия республикаларының Спартакиадасында 1-орын, 1957 жылы КСРО чемпионатында 3-орын, 1959 жылы КСРО халықтарының ІІ Спартакиадасында 2-орын иеленді.
Одан бөлек, Махмұт Омаров 1950 жылы Орталық Азия республикаларының Спартакиадасында топ жарды. 1950 жылы «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының турнирінде алтын, 1955 жылы күміс жүлдесін иеленді. Нәтижесінде 1956 жылы «спорт шебері» атағын алды.
Оның інісі Мақсұт Омаров 1954 жылы Орталық Азия республикаларының Спартакиадасында 1-орын, 1957 жылы КСРО чемпионатының 3-орын, 1959 жылы КСРО халықтарының ІІ Спартакиадасында 2-орын иеленді.
Қазақ боксы одан кейінгі жылдары бірте-бірте дамып, бұл күнде әлемдегі ең мықты ұжымдардың біріне айналды.
Олимпиададағы жалпы рейтингте 9-орында (7 алтын, 7 күміс, 10 қола) тұрмыз.
Әлем чемпионатындағы жалпы рейтингте 3-орындамыз. (18 алтын, 16 күміс, 22 қола)
Осы жерде отандық боксшылардың құрметіне берілген көшелер жайлы қызық деректерді келтіре кетсек.
Мәселен Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың атында 4 көше бар. Олар, Шымкент қаласы, Ақсай қаласы (БҚО), Түркістан қаласы мен астананың іргесінлегі Ильинка ауылында.
Сондай-ақ, қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлының атында да Алматы, Қосшы қалалары мен Маңғыстау облысындағы Рахат ауылында 3 көше бар екен. Әбдісалан Нұрмаханов атында 2 көше бар. Олар, Алматы мен Түркістан қаласында.
Қанат Байұзақов