Ел семсершілері Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Фото: Olympic.kz
Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында ерлер арасында семсер қаруымен айқасудан командалық сайыстың финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Алтын медаль үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары сайысқа түсті. Тартысты өткен кездесуде жапониялықтар жеңіске жетті. Кездесу 45:39 есебімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Күміс медаль иегерлері: Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай.
Айта кетейік, Жапония құрамасы 2024 жылғы Олимпиадада финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Венгрияға жол берген болатын.
Жалпы, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Вадим Шарлаимов жекелей сында үшінші орын иеленген еді.
Ұқсас жаңалықтар

18 тамыз, 2025
Қостанайлық әскери қызметшілер марафонда жүлдегер атанды

18 тамыз, 2025
Конституцияның 30 жылдығына орай елордада спартакиада өтті

18 тамыз, 2025
Азия чемпионаты: Қазақстан слаломды есуден екі медаль жеңіп алды

18 тамыз, 2025
Қазақстан бадминтоннан Ганадағы турнирде қола жүлдеге қол жеткізді