Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды


Дзюдоист, Ұлттық ұлан спорт командасын даярлау орталығының аға маман – аға нұсқаушысы ефрейтор Әбиба Әбужақынова Будапеште өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалға шықты. Жұма күні шешуші жекпе-жекте итальяндық Асунта Скуто Әбужақынованың қарсыласы болды. Жеңіс Италиялық дзюдошыға бұйырып, белдесу мерзімінен бұрын аяқталды. Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының финалисті атанған алғашқы қазақ қызы болды. Қазір спортшының қоржынында әлемдік біріншіліктің үш медалі бар. Осыған дейін ол екі рет үшінші орынға ие болған.
Сондай-ақ спортшы Мағжан Шамшадиннің медальға мүмкіндігі болды (60 келіге дейінгі салмақта). Алайда оның қарсыласы Венгриядан келген Мартон Андрасси қосымша раундта спортшымыздан басым түсті.



