Бүгін Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады

Бүгін, 11:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views50
Бүгін Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады
Фото: olympic.kz

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жерлестеріміз күндізгі және кешкі сессияда бақ сынайды. Екі спортшы түстен кейінгі бәсекеде өнер көрсетсе, қалған үшеуі кешкі уақытта жұдырықтасады.

Жекпе-жектер кестесі (Қазақстан уақытымен):

Күндізгі сессия (15:00):

55 кг: Махмұд Сабырхан – Брайан Ортис (Мексика)

80 кг: Нұрбек Оралбай – Матви Ражба (Украина)

Кешкі сессия (22:00):

57 кг: Карина Ибрагимова – Элис Глин (Англия)

70 кг: Наталья Богданова – Санамача Чокчом (Дания)

65 кг: Ертуған Зейнулинов – Хуго Грау (Франция)