00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық палуан еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық палуан еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото:Olympic.kz

Еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Иорданияның Амман қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

 «Едіге Қасымбек 110 кг салмақ дәрежесіндегі финалда америкалық Майкл Моккоданмен кездесті. Бұл белдесуде қазақстандық палуан небәрі 18 секундта 10:0 есебімен жеңіліп қалып, күміс жүлде еншіледі. Айта кетейік, тағы бір еркін күрес палуаны Бақдәулет Әкімжан 65 кг салмақта біріншіліктің қола медалін жеңіп алған болатын. Ол үшінші орынға таласта грузиялық Рати Ревазашвилиден басым түсті», - делінген хабарламада. 

Бұған дейін грек-рим күресінен сынға түскен қазақстандық палуандар Алпамыс Болатұлы (55 кг) мен Еркебұлан Анапия (80 кг) күміс жүлде иеленген еді. Ал әйелдер күресінен Анна Стратан (55 кг) мен Ұлдана Тілеухан (65 кг) қола медальға қол жеткізді.