Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионы атанды
Бүгін, 16:22


Спортты дамыту дирекциясы
Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше жұптасып байдаркада 500 метрге жарыста Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова мәреге бірінші келді. Одан кейінгі орынға Қытай мен Жапония спортшылары жайғасты.
Тәжірибелі Ольга мен Ирина ұзақ жылдан бері Ұлттық құрама сапында. Азия чемпионатына 2007-2009 жылдан бері қатысып, бірнеше мәрте чемпион атанған.
Қазір жалпы есепте 9 алтынмен жарыс қожайыны Қытай көш бастап тұр. Одан кейін 1 алтын медалі бар Қазақстан мен Вьетнам командасы келе жатыр. Финалдар кешке дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар

8 мамыр, 2025
Қазақстандық семсерлесушілер Қытайдағы Гран-при турниріне қатысады

8 мамыр, 2025
Астанада тректегі велоспорттан халықаралық Silk Way Series турнирі өтеді

7 мамыр, 2025
«Интер» және «Барселона»: Жартылай емес, толық финал

6 мамыр, 2025
Қазақтың жерінде барымды салуға тырысамын – Ғұсман Қырғызбаев