Қазақстан таеквондодан он алтын медаль жеңіп алды

Астанада таеквондодан ірі халықаралық турнир Kazakhstan Open G1 сайысының бірінші күні өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Рейтингтік жарыстың алғашқы күнінде ересектер арасында жүлделер сарапқа салынды.
Қазақстан құрамасы жалпы 38 медаль жеңіп алды, оның ішінде 10 алтын медаль бар.
Алтын медаль иегерлері: Еркебұлан Еңсегенов (54 келі), Жавохирхан Исламов (58 келі), Нұрбек Ғазез (68 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі), Бейбарыс Қабылан (87 келіден жоғары), Айдана Құмартаева (46 келі), Нодира Ахмедова (53 келі), Нұрай Құсайынова (67 келі), Назым Махмудова (73 келі).
Күміс медаль жеңімпаздары: Бекзод Қадырқұлов (54 келі), Елдос Ысқақ (58 келі), Самирхон Абабакиров (63 келі), Ерасыл Орынбасар (74 келі), Абдурахман Марипов (80 келі), Тоғжан Өмірзақ (46 келі), Рита Бакишева (49 келі), Азиза Қаражанова (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Айша Әділбекқызы (62 келі), Аяжан Сапархан (67 келі), Меруерт Тікебаева (+73 келі).
Жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілгендер: Әзірет Дүйсенбек (54 келі), Теміржан Тасқын (54 келі), Асқар Өтеген (58 келі), Изият Хасанов (68 келі), Нұрқанат Қожахмет (87 келі), Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары), Таңжұлдыз Тұрымбетова (49 келі), Нұрай Бауыржанова (49 келі), Айдана Сүндетбай (53 келі), Альмира Қанат (57 келі), Камила Аймұқашева (62 келі), Аида Тәукенова (67 келі), Бексұлу Көлбаева (67 келі), Дария Манасқызы (73 келі), Евгения Каимова (73 келіден жоғары), Ақсәуле Ерқасымова (73 келіден жоғары).
Айта кетейік, турнирдің қалған екі күнінде жасөспірімдер мен жастар арасында жарыстар өтеді. Kazakhstan Open жарысы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылуда.



