Қазақстан мен Өзбекстан футзал құрамалары жолдастық матч өткізеді

Фото: kff.kz
Өзбекстан футзал федерациясының баспасөз қызметі Ташкентте Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«2026 жылғы Азия кубогының финалдық кезеңіне жолдама алған Өзбекстан құрамасы 16 қазанда Ташкенттегі Юнусабад спорт кешенінде Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.
Бұл кездесу екі команда үшін де күш сынағы болады», - деп хабарлады Өзбекстан футзал федерациясы өзінің Telegram-каналында.
Айта кетейік, Өзбекстан мен Қазақстан құрамаларының жолдастық кездесуі сағат 17:00-де басталады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:47
Ауыр атлетші Едіге Емберді: қатардағы көп спортшының бірі болғым келмейді

7 қазан, 2025
Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

7 қазан, 2025
Тұрсынғали Еділов: Хорватия құрамасынан шақырту алдым

6 қазан, 2025
Дзюдошы Дана Әбдірова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды