00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналық бессайысшылар әлем кубогінде чемпион атанды

22 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналық бессайысшылар әлем кубогінде чемпион атанды
Фото: дереккөз

Бессайыстан Астана қаласының спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Олар аралас эстафетада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған сында Қазақстан намысын Астана қаласының спортшылары Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады.

Екінші орынға Египет, үшінші орынға Италия құрамалары орналасты.

Айта кетейік, Елена Потапенко биылғы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-орынды иеленген.