Астаналық ауыр атлет екі дүркін әлем чемпионы атанды

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Испанияның Леоне қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында астаналық спортшы Едіге Емберді алтыннан алқа тақты, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 352 (153+199) келіні бағындырды.
Екінші орынды ирандық Алиреза Абаспур (351 келі), үшінші орынды колумбиялық Джоксер Альборнос (350 келі) иеленді.
Айта кетейік, ол бұған дейін де жастар мен 17 жасқа дейінгі кіші жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астана 2026 жылы Бесінші дүниежүзілік кадеттер ойыны өтеді

17 қазан, 2025
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік турдың жартылай финалына өтті

16 қазан, 2025
Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

16 қазан, 2025
Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды