00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада спорттық марафон өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады

Астанада спорттық марафон өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады
Фото: gov.kz

31 тамыз күні елордада «Saryarqa Run» спорттық марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен, 31 тамыз күні сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін төменде көрсетілген көшелер жабылады:

- Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;

- Ә.Жангелдин көшесі Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;

- Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейін;

- С.Сейфуллин көшесі Бейбітшілік көшесінен К.Күмісбеков көшесіне дейін;

- К.Күмісбеков көшесі Ә.Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;

- Кенесары көшесі К.Күмісбеков көшесінен М.Әуезов көшесіне дейін.

Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 ғимаратының жанында автотұрақ ұйымдастырылып, Т.Бигелдинов көшесі жағынан келу жүзеге асырылады.