Астанада шахматтан «Senat Open» республикалық турнирі басталды

Фото: Е.Каналимовтың Facebook парақшасынан
Астанада бүгін мәслихаттардың 30 жылдығына арналған «Senat Open» шахмат турнирінің гранд-финалы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ерлан Каналимовтың Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстан шахмат федерациясы мен ҚР Парламенті Сенаты ұйымдастырған жарыстардың ақтық кезеңіне жартылай финалдан өткен 130 үздік ойыншы қатысуда.
Жарысқа барлық сайланымдағы мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысуда. Жартылай финал қорытындысы бойынша 11 елордалық шахматшы астананың намысын қорғайтын болады, - деп жазды Е.Каналимов.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астана 2026 жылы Бесінші дүниежүзілік кадеттер ойыны өтеді

17 қазан, 2025
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік турдың жартылай финалына өтті

16 қазан, 2025
Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

16 қазан, 2025
Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды