00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтіп жатыр

7 желтоқсан, 2024
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтіп жатыр
Фото: Сұлтан Сейітов

Тәуелсіздік күніне орай бүгін елордадағы  «Аспан» спорт кешенінде шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2 күнге жалғасатын бәсекенің алғашқы күнінде қатысушылар каратэнің теориялық негіздерін көрсететін «ката» бағдарламасында бақ сынаса, екінші күні «кумитэ» бағдарламасында жекпе-жектер өтеді.

«Мұндай турнир екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы спорт түрі енді ғана дамып келе жатқандықтан, 9 өңірден 120 қатысушы келді. Салыстырмалы түрде бұл - жақсы көрсеткіш. Бүгін «ката» сайысы бойынша түрлі санаттағы споршылар базалық элементтерді дәлме-дәл көрсетуі бойынша жеңімпаздар анықталады. Мұның ерекшелігі - жекпе-жекке түскісі келмейтін кей жандар және жасы үлкен азаматтар тек осы бағытпен шұғылданса болады. Мысалы, 44 жастағы қатысушымыз жастармен бәсекелесіп, ел ішіндегі додаларда топ жарып жүр», - деді Республикалық турнирдің бас төрешісі Максим Вавил.

Республикалық жарыста Астана, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарынан 8 жас және одан жоғары жас санаттары бойынша жүлдеге таласып жатыр.

Айта кетейік,  бұл спорт түрі адамға жаттығуды қайталап жасату арқылы төзімді болуға үйретеді. Салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін – жақсы таңдау.