Александр Бублик Аустриядағы жарыстың жартылай финалына шықты
Фото: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда отандасы, әлемдік рейтингіде 110-орында тұрған Александр Шевченкомен жолықты. Бублик қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Айта кетейік, жүлде қоры 596 035 еуроға бағаланған доданың финалына шығу үшін Бублик әлемнің 103-ракеткасы, нидерландылық Ботик ван де Зандсхулпен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар
28 қазан, 2025
Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының алтын және қола жүлделерін иеленді
28 қазан, 2025
Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан құрамасынан үш балуан финалға өтті
28 қазан, 2025
Астаналық спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28 қазан, 2025
Жасөспірімдер Азиадасы: қазақстандық спортшы жүзуден қола жүлдегер атанды
