«Қайрат» футзал клубын испандық маман баптайды
Отандық футзалдың көшбасшысы «Қайрат» клубына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.
36 жастағы Испания бапкері Марлон Веласко «Қайрат» клубымен 2+1 келісімшартын жасасты.
Бұған дейін Марлон Веласко 2018 жылдан бастап «Ноя Портус Апостоли» (Испания) клубын баптаған болатын. 5 жыл аралығында 2 дивизионда 2 мәрте чемпион атанып, биыл басты лигада 8-орын алды. Плей-оффта чемпиондар лигасының жеңімпазы «Пальма де Мальорка» клубымен жолығып, жеңіліп қалды.
Бұған дейін Бразилия маманы Рикардо Кака 5 жыл бойы «Қайратты» тізгіндеген еді. Сол уақыт аралығында клуб біршама жетістікке жетті:
- Қазақстанның 5 дүркін чемпионы;
- Қазақстан кубогының 4 дүркін чемпионы;
- Қазақстан супер кубогының 4 дүркін чемпионы;
- 2018/19 маусымда чемпиондар лигасының финалында ойнады.
Қайрат — Спортинг (Португалия) 1:2;
- 2020/21 маусымда чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнады.
Қайрат — Барселона (Испания) 2:3.