«Өзі бірдеңе айтты»: Серік Сәпиев балуанмен болған жанжал туралы пікір білдірді
Олимпиада чемпионы және бұрынғы қазақстандық боксшы Серік Сәпиев Алматыдағы Naiza 49 аралас жекпе-жек турнирінде балуан Зелимхан Мусихановпен болған жанжалға түсініктеме берді, деп хабарлады Elorda.info Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 аралас жекпе-жек турнирінде балуан Зелимхан Мусихановпен сөзге келіп қалып, шағын төбелес тез арада ажыратылған болатын.
Оқи отырыңыз: «Ұялмайсың ба?»: Серік Сәпиев турнирде балуанмен төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)
Алайда, кейінірек матч біткен соң тараптар киім ауыстыратын бөлмеде бір-бірімен қол алысқанда, төбелес қайта басталып кете жаздады.
Біраз уақыттан кейін балуанның жаттықтырушысы Александр Гольцманның түсініктеме беріп, Сәпиевтің Олимпиада чемпионы екенін білмегенін жеткізді.
Менің ойымша, жекпе-жекте болуы мүмкін әдеттегі жағдай. Бұл жағдай күресте де, футбол алаңында да, барлық жерде болады. Бірақ ойыннан кейін бәрі дос болып қалуы керек. Мен рингте қарсыластарымды аямаймын, бірақ жекпе-жектен кейін біз доспыз. Бұл жағдай не себепті болды? Ойын біткенде, қарсыласымның қолын алуға бардым, оған күлімсіреп: «Бұндай жағдай болып тұрады» дедім. Бірақ ол эмоциямен жауап ретінде бірдеңе айтты. Мен шын ниетпен барып тұрсам, ол маған негативпен жауап берді. Кейін қайтадан негативті іс-әрекет танытты. Сол себепті осындай жағдай болды, – деп жазды Сәпиев.