00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгін «Барыс» сырт алаңда «Трактормен» ойнайды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін «Барыс» сырт алаңда «Трактормен» ойнайды

Бүгін Челябіде Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымының матчы өтеді. Онда «Трактор» өз алаңында «Барысты» қабылдайды, деп хабарлады Elorda.info.

«Трактор» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

53 ойыннан кейін «Барыстың» 48 ұпайы бар, ал «Трактордың» 52 ойыннан кейін 51 ұпайы бар. Соңғы тұрақты матчта «Барыс» өз алаңында «Сібірден» (1:2), ал «Трактор» «Витяздан» (3:4) ұтылды.

«Барыс» қатарынан төрт ойында жеңілді. Қазақстан хоккей клубы «Сібір», «Нефтехимик» (3:5), ЦСКА (2:5) және «Адмирал» (0:3) командаларынан ұтылды.