Қазақстандық полицей күрестен әлем чемпионы атанды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков қазақ күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Әлем біріншілігі Румынияның Констанца қаласында өтіп жатыр. Оған 20 елдің спортшылары қатысуда.
Полиция лейтенанты Сафуан Мұратбеков Қазақстан құрамасы сапында 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде румыниялық спортшыдан басым түсті.
Сафуан – қазақ күресі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның және Азияның бірнеше дүркін чемпионы.
Гүлжан Уалиева
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады