00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Футболшы Мбаппе трансгендер модельмен кездесіп жүр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Футболшы Мбаппе трансгендер модельмен кездесіп жүр

Corriere dello Sport басылымының мәліметінше, Мбаппе мен Рау бірнеше айдан бері көңіл жарастырып жүр. Алғаш рет қос жұпты мамыр айында Канн кинофестивалінде байқаған. Кейін папарацци Мбаппе мен модельді 23 жастағы форвардтың яхтасынан көрген. Соған қарамастан екі жас бұл туралы көпшілікке ашық жарияламады.

Инес Рау трансгендер модель ретінде Playboy журналына түскен. Ол 16 жасында жынысын ауыстырып, ол турасында 24 жасында ресми түрде жариялаған еді.

Айта кетейік, 2018 жылы Франция құрамасымен әлем чемпионатын ұтқан Мбаппенің бүгінгі таңдағы трансферлік құны 160 миллион еуроны құрайды.