2027 жылы Қазақстанда дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Фото: Ербол Мырзабосынов Instagram парақшасынан
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министр Будапештке сапарында Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен маңызды кездесу өткізді.
«2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес Олимпиадасының қарсаңында өтеді», - деп атап өтті Е.Мырзабосынов.
Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астана 2026 жылы Бесінші дүниежүзілік кадеттер ойыны өтеді

17 қазан, 2025
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік турдың жартылай финалына өтті

16 қазан, 2025
Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

16 қазан, 2025
Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды